«№2 орта мектеп-лицейі» КММ
Баяндама:
Мектептің оқу- әдістемелік жұмысы
(облыстық әдістемелік кеңес)
Дайындаған: С.Икласова
2018 жыл
Білім беруді
модернизациялау мектептегі білім берудің мақсатына сәйкес білім беру нәтежиесін
жоспарлауды, оны қайта қарап, жаңаша қалыптастыруды талап етеді. Елбасы
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ұлттық білім саласына өте жоғары талап қойып отыр. Осы жағдайда
қазақстандық қоғамның айқын проблемасы бәсекеге қабілетті, бүгінгі күні
әлеуметтік және экономикалық жағдайда өмір сүрумен қатар, қазіргі кезеңде әсер
етіп қана қоймай, оны жақсы жағына өзгеруге ықпал жасау арқылы тұлға
қалыптастыру. Бұл жоспарда мұғалімге үлкен рөл бөлінеді. Мұғалім мамандық
өндірісіндегі қарқынды өзгерістерді бақылап, зерттеп қана қоймай, жаңа
технологияларды меңгеруі тиіс. Тек қана жоғары дәрежелі ішкі мотивациясы
жоғары, сын тұрғыдағы тұлға ғана, өздігінен жоғары дәрежедегі маман қатарына жетуі
мүмкін. Осы жетістікке жету үшін негізгі роль әдістемелік қызметке бөлінеді.
Ерейментау
қаласы №2 орта мектеп-лицейінде әдістемелік
жұмысты ұйымдастыруда төмендегі бағыттар басшылыққа алынды:
1.Мектеп
мүғалімдерінің біліктілігін көтеру жүйесі, педагогтық шеберлікті, кәсіптік
деңгейін жоғарлатуға бағытталған және педагогтарды шығармашылық
потенциалын көтеруді көздейді.
2.Мектептің
әдістемелік қызметін жетілдіру – ол педагогтардың кәсіптік дамуын қолдауға
арналған.
3.Озық
тәжірибені оқып үйрену, тарату.
4.Педагогтардың
жаңашыл қызметтері – мектептің оқыту үрдісінің сапасын көтеруге және
мұғалімдердің ғылыми-педагогтық қызметтерін жандандыруға бағытталған.
Мектептің әдістемелік жұмысы, мұғалімдердің әдістемелік бірлестіктерінде
шоғырланған және мектептің әдістемелік кеңесі арқылы басқарылады. 2016 жылдан
бастап мектеп «Жаңартылған бағдарламаны енгізуде мұғалімдердің кәсіптік
шеберлігі мен құзыреттілігін қалыптастыру» мәселесі бойынша жұмыс жасайды.
Мектепте 2 кафедра және екі әдістемелік бірлестік жұмыс
атқарады. Әдістемелік бірлестіктің жұмысының есебі мен оны
жүйелеуді бірлестік
жетекшісі «жұмыс дәптері» (жоспар) арқылы
жүргізіледі. Ол
дәптер үш бөлімнен тұрады:
1.
Нұсқаулық
2.
Әдістемелік
3.
Талдау
Сонымен
қатар бұл жұмыс дәптерінде оқушының үлгерімі, білім сапасы және мұғалімнің қызметіне ақпараттық-талдау мониторингі де бар.
Мектеп толығымен педагог кадрларымен қамтамасыз
етілген: оқыту процесі оқу жоспарының барлық пәндері бойынша жүргізіледі.
Педагогтардың басым бөлігі- ол ұзақ уақыт жұмыс жасайтын білікті мамандар. Мектебіміздің педагогикалық ұжымның құрамы – 43 мұғалім. Бүгінгі таңда
ұжымның 12 педагогы - жоғарғы санатты, 14 – 1 санатты, 30 мұғалім
жаңартылған білім мазмұны бойынша қайта даярлау курстарынан өткен.Биылғы оқу
жылында мектепте деңгейлік курстан өткен 18 мұғалім жұмыс
атқарады, бірінші деңгейден өткен – 3, екінші (негізгі) - 4 , үшінші (базалық)
– 11.
Мұғалімдердің
кәсіптік деңгейін көтеру бағдарламасының негізгі басты идеяларын жүзеге асыру
мониторингін жүргізі және қадағалау мақсатында мектепте оқытылатын
мұғалімдердің желілік кәсіби қоғамдастығының
жоспары бойынша жүзеге асырылады.
Кәсіби мұғалімдер қоғамдастығының желісін зерттеу тақырыбы «Оқуға және оқытуға жаңа тәсілдерді енгізу» болып табылады. Тақырыбы маңызды, себебі қазіргі уақытта мұғалімнің тұлғасы білім беру жүйесін реформалауда шешуші рөл атқарады. Мектеп тапсырмасымен қойылған мақсаттар мен міндеттерді іске асыру үшін, даму тобы және LS тәсілімен сабақ тобы құрылды. Менторлар мен бапкерлер, коучинг тақырыптары анықталып, деңгейлік курстан өткен мұғалімдердің жұмыс циклограммасы құрылды.Мектепте әдістемелік жүмысты ұйымдастыруда еңбек жолын жаңа бастаған іс-тәжірибесі
аз педагогтарды қолдау мақсатында бағытталған қызмет ерекше маңыздылық
атқарады. Іс-тәжрибесі аз жас педагогтар ұзақ үйретуге бағытталған жеке
бақылауды және арнайы қолдауды қажет етеді.
Жаңа
оқу жылының тамыз – қыркүйек айларында жас мұғалімдерге тәлімгерлер
тағайындалып отырады. Жас мамандармен үздіксіз жұмыс жүргізіліп, әдістемелік
көмек көрсетілу жоспары әзірленеді. Мектеп әкімшілігі, тәлімгер жас мамандардың сабақтарына қатысып,
әдістемелік көмек көрсетеді, аудан бойынша жылда дәстүрлі өткізілетін «Жас маман» сайысына
дайындап, қатыстырып, шеберліктерін шындайды.
Мұғалімдердің жеке тұлғалық ерекшеліктері мен кәсіби біліктілігін, әдістемелік дайындығын анықтау мақсатында диагностикалық карталар жасалып, педагогтардың кәсіби өсу парағын толтыру арқылы олардың кәсіптік даму траекториясы нақтыланады. КР президенті Н.Ә Назарбаевтың «100 нақты қадам » ұлт жоспарында білім беру жүйесінде ағылшын тілінде оқытуға кезең- кезеңмен көшу керектігін айтты. Бағдарламаны іске асыру мақсатында 2017 жылдан бастап біздің мектебіміз пилоттық мектептерінің бірі болып табылады. Жаратылыстану-математикалық пәндерін ағылшын тілінде оқыту жобасы аясында үш мұғалім тілдік курстарын тәмамдады. Әдістемелік нұсқаулық хат бойынша 5-7 сыныптарда лексикалық вокабулярды қалыптастыру , лингвистикалық емес пәндер бойынша бастапқы терминологиялық глоссарий құру ұсынылды. Біздің мектепте оқу жоспарынан екі жыл қатарынан сағаттар бөлініп, 6,7, сыныптарында терминология деңгейінде ағылшын тілін қолдану арқылы биология пәнінен «Botany in English», « Biology in English» , 9 сыныпта –химия пәнінен «Chemistry in English» курстары жүргізіледі. Тілдік қорды байыту және ағылшын тілін іс жүзінде қолдану дағдыларды кеңейту мақсатында информатика пәнінен 5,6.8,10 сыныптарында «Computer Enqlish» курсы беріледі. Коммуникативтік оқыту әдістерін оқыту тақырыбында ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Смагулова Слушаш Кашкенқызы 4 айлық курсын желтоқсан айында тәмәмдады, курс мақсаты «Клил» бойынша жоспарлар құру, жаратылыстану- математика пәндері бойынша кіріктірілген сабақтар өткізуге көмек көрсету.Әдістемелік
жұмыста ең өзекті, негізгі
мәселелердің бірі педагогикалық іс
тәжірибені зерттеу, жинақтау және тарату.
Баланы оқыту мен тәрбиелеуде педагогикалық озық іс-тәжірибенің міндетті көрсеткіші - жоғары
нәтиже. Жыл сайын мектебімізде мектеп, аудан, облыс көлемінде озат
педагогтардың тәжірибесі зерттеліп, жинақталып, таратылады. 2017-2018 оқу
жылында химия және биология пәнінің
мұғалімі Забиякина Оксана Сергеевнаның «Химия және биология сабақтарында іс-әрекет таныту арқылы
оқушылардың негізгі құзыреттерін қалыптастыру» тақырыбында тәжірибесі
таратылуға ұсынылып отыр. Мұғалім 2016
жылы үш тілді оқыту аясында биология, химия пәндері бойынша біліктілігін
арттырды. Тілді меңгеру барысында жоғары көрсеткіштері үшін Оңтүстік Кореяға
жолдама алып тәжірибе алмасып, өз тәжірибесінде 6,7,9 сынып оқушыларына арналған ағылшын тілінде жұмыс дәптерлерін
құрастырды.
Оқу- әдістемелік кешенді шығаруға, зерттелетін материалды жинау мен оған
талдау жасауға, эксперимент пен тәжірибені жүйелеу мен қорытындылау мәселелерімен мектеп бойынша не
бір әдістемелік бірлестік аясында шығармашылық топ (ШТ) жұмыс жасайды. Бір оқу жылында ШТ –тың 4 рет отырысы өтеді.
Әдістемелік көрме - эксперименттік-тәжірибе жұмысының
барысында алынған педагогикалық ұжым (жаңашыл-ұстаздар) жетістігін көрнекті
түрде ұсыну формасы. Ұсынылған оқу-әдістемелік кешен материалдарын мектептегі
әдістемелік бірлестік сұрыптайды және ғылыми - әдістемелік кеңес оның сапалы
дайындалғанын «Әдістемелік көрме және оның критериясы туралы» Ережеге сәйкес
бекітеді. Әдістемелік көрме бір апта аясында
жұмыс істейді, осы күндері ғылыми – тәжірибелік конференция өткізіледі.
Оқу және тәрбиелеу бойынша авторлық бағдарламалардың банкін құру және дамыту мектеп мұғалімдерінің авторлық білім беру технологияларын заманауи жағдайларда пайдалануына қосқан елеулі үлесі болып табылады. Бұл бағыттағы жұмыс мектептің әдіснамалық жүйесін одан әрі дамытудың басым бағыттарының бірі болып табылады.Мектеп мұғалімдері әр түрлі деңгейдегі байқауларға қатысып отырады. Жыл сайын өтетін
дәстүрлі педагогикалық инновациялар жәрмеңкесіне қатысып, өз шеберліктерін
шындай отырып, мадақтама мен
сертификаттарға ие. Биылғы оқу жылында мектеп
мұғалімдері авторлық бағдарламалар байқауына қатысып, өз жұмыстарын ұсынды. Мектеп оқушылары мен
ұстаздар қашықтықтан өткізілетін
интернет- олимпиадаларға да белсене қатысуда, Республика, облыс, аудан
көлемінде 1,2,3 дәрежелі дипломдарды иеленді.
Дарынды балаларды анықтау
мәселесі, бұл білім беру ұйымдарындағы балалардың танымдық және тұлғалық дамуы
үшін жағдайлар жасау оларды жан-жақты дамыту болып табылады. Дарынды
оқушылардың білім, білік дағдыларын арттыру мақсатында жекеленген жоспарлар
жасалып, бекітілді. Жоспарға сай әр ай сайын дарынды оқушылар мен пән
мұғалімдері жұмыс жүргізді. Дарынды оқушыларға ғылыми жетекшілер бекітіліп
отырады. Жыл сайын мектепте пән апталықтары, интеллектуалды ойындар,
факультативтер өткізіледі. 3-4 және 8-11 сынып оқушылары пән олимпиадаларының
үздігі атағына бәсекелеседі. Екінші жыл қатарынан «Үздік оқушы», «Үздік суретші», «Үздік әнші»,
«Үздік спортсмен» номинациялары бойынша «Мектеп рекордтары» байқауы
өткізіледі. Жыл сайын мектеп оқушылары өлкетану,
экология, математика, физика, қазақ тілі
мәселелері бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізіп, байқау өткізіледі.
Байқау нәтижесі бойынша ең үздік жұмыстар
аудандық, облыстық деңгейге ұсынылады.
Сөзімді
қортындыласам, білім-әр адамның ақыл-ойы мен өмір танымын
қалыптастырушы тірек. Сондықтан қазіргі мектептегі мұғалімнің жұмысына белгілі
бір нәтижеге жету үшін қойылатын бүгінгі заман талабы – өзіндік ой-тұжырымы
бар, логикалық ойлау қабілеті дамыған, өз көзқарасы мен пікірін ашық айта
алатын, ақпараттар ағымынан қажетін іріктеп ала білетін, қоғамдық ортаға
икемді, өз жолын дұрыс таңдай алатын жас ұрпақ тәрбиелеу.
Мектептегі әдістемелік жұмыстарды жүйелі жүргізіп, жаңаша жоспарлау оқу-тәрбие
үрдісінің сипаты мен мұғалімдердің шығармашылық деңгейлерінің артуына көп
септігін тигізері сөзсіз.