Жас ғалым
17.11.2026
Мектебіміздің 6 «А» сынып оқушысы Бошан Ерали «Ежелгі батырлар жыры мен бүгінгі комикстер: ұқсастық пен айырмашылық» («Қобыланды батыр» жыры мысалында) тақырыбындағы зерттеу жұмысымен «Зерде» республикалық зерттеу жобалары байқауының облыстық кезеңіне қатысып, мадақтамаға ие болды!
Жас зерттеуші өз жұмысында қазақ халқының бай әдеби мұрасы – батырлар жыры мен қазіргі заманғы комикстердің ұқсастықтары мен ерекшеліктерін салыстырып, ұлттық құндылықтардың бүгінгі ұрпақ үшін маңыздылығын ашып көрсетті.
Ғасырлар қойнауынан жеткен батырлық рух пен бүгінгі көркемдік танымды өзара сабақтастырған бұл еңбек – ұлттық құндылықтарға деген құрметтің, әдеби мұраға деген қызығушылықтың және шығармашылық ізденістің айқын көрінісі.
Жас зерттеушіміздің бұл жетістігі – білімге құштарлық пен табанды еңбектің жемісі.
Талабы таудай шәкіртімізді жетістігімен құттықтай отырып, ғылым мен білім жолындағы қадамы нық, ізденісі жемісті, алар асуы биік болсын деп тілейміз!
Ұлт мұрасын ұлықтаған ұрпақтың болашағы жарқын!