Оқушының жетістігі- мектептің мақтанышы
16.11.2026
Мектебіміздің оқушысы Сайгаченко Матвей 2-8 сынып оқушыларына арналған «Зерде» республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары конкурсының облыстық кезеңінде «Химия және биология» секциясы бойынша І орынды жеңіп алды!
Бұл - жас зерттеушінің талабы мен тынымсыз еңбегінің жемісі, ғылымға деген шынайы қызығушылығының айқын дәлелі. Матвейдің бұл жетістігі мектеп ұжымына, ұстаздары мен ата-анасына ерекше қуаныш сыйлады. Шәкіртін жеңіске жетелеген ғылыми жетекшісі, химия және биология пәнінің мұғалімі Оксана Сергеевна Забиякинаға зор алғысымызды білдіреміз.
✨ Қымбатты Матвей! Бүгінгі жеңісің үлкен ғылымға бастайтын нық қадам болсын. Білімге деген құштарлығың арта берсін, әр ізденісің жаңа табыстарға ұлассын!
Талабыңа қанат, арманыңа өріс тілейміз! Жолың ашық, болашағың жарқын болсын! Біз сені мақтан тұтамыз! 💐