"Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Ерейментау қаласының Насыр Смағұлов атындағы мектеп - лицейі" КММ-cі
КГУ "Школа-лицей имени Насыра Смагулова города Ерейментау отдела образования по Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектеп бітіру іс-шарасын өткізу тұжырымдамасы

21.05.2019

Мектеп бітіру іс-шарасының өткізілу күні 2019 жылғы 12 маусым

Мектеп бітіру іс-шарасы – әр түлек өмірінде адамгершілік, қайырымдылық және алғыс білдіру сабағы болатын, өзіндік есею жолына бастау алатын мектептегі соңғы іс-шара

Мектеп бітіру іс-шарасын өткізу тұжырымдамасы

  • «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасына;
  • Н. Назарбаевтың ««Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласына;
  • «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы тәрбиенің тұжырымдамалық  негіздері (ҚР БҒМ 2019 жылғы 15 сәуірдегі № 145 бұйрығы);
  •  «2018-2019 оқу жылын аяқтау және орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттауды өткізу туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің                             2019 жылғы 1 ақпандағы № 53 бұйрығына сәйкес әзірленген.

 Түлектерге арналған салтанатты іс-шараның  мақсаты:  жастардың мектептегі кезеңіне қорытынды шығару жөніндегі ұйымдасқан және қауіпсіз салтанатты шара өткізу.  

Түлектерге арналған салтанатты іс-шараның    міндеттері:

  • Қазақстандық мектеп түлегінің имиджін арттыру;
  •  мектеп дәстүрін сақтау, жаңарту;
  • Қазақстандық мектеп бітірушінің сипатын БАҚ-да кеңінен тарату.
  • «Алтын белгі», үздік аттестат иегерлерін дәріптеу арқылы білімді ұрпақ идесын насихаттау;
  • «Қазақстанның болашағы – білімді ұрпақ» ұстанымын қастерлеу
  • Ата-анасының қамқорынсыз қалған және жетім түлектерге әлеуметтік қолдау көрсету
  • мамандық таңдауға бағыт- бағдарлар беру

Түлектер іс-шарасына енеді:

  • 2019 жылғы 25 мамырдағы Соңғы қоңырау мерекесі;
  • аттестатты салтанатты түрде табыс ету;
  • түлектер акциясы  – 2019 жылғы мамыр-тамыз.

Түлектер іс-шарасы тек қана мектеп шеңберінде, тек қана мектеп аумағында өтуі тиіс.

Түлектер іс-шарасының ұйымдастырушыларыата- аналардың, қорғаншылық кеңестерінің ұйымдастыру комитеті, түлектер активі, шығармашыл жетекшілер тобы.

Түлектер іс-шарасының құрметті қонақтары: педагогика еңбегінің ардагерлері, облыстың, қаланың, ауданның, ауылдың құрметті тұрғындары, түлектердің ата-аналары, қорғаншылық кеңестердің мүшелері, үкіметтік емес ұйымдардың, оның ішінде жастардың, қамқоршы кәсіпорындардың өкілдері, демеушілер мен меценаттар, жоғарғы оқу орындарының өкілдері 

Түлектер іс-шарасы бағдарламасының сценарийіне «Нұр Отан» партиясы жастар қанатының, «Жас ұлан», «Жас қыран» республикалық қозғалысы көшбасшысының, жастар қоғамдық қозғалысы көшбасшыларының, қоғамдық ұйымдар өкілдерінің  құттықтаулары енгізіледі.

Түлектер іс-шарасының серіктестіктігі: Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармалары, білім бөлімдері, қосымша білім беру ұйымдары, мәдениет мекемелері  ҮЕҰ, БАҚ.

Түлектер іс-шарасын өткізу жөніндегі ұсынымдар:

Басқалардың өмірін сақтау немесе су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету қайырымдылық акциялары жөніндегі түлектер бастамасын қолдау   «Түлектер кешінің орнына – балалар өмірін сақтау», «Туған елге - тағзым», «Туған елім – саған арналады», «Сыпайы  түлектер кеші үшін!», «Жасыл табиғатты қорайық», т.б.;

өңірлік акциялар «Мектепке кітаптар сыйла!», «Өз мектебіңе  көмектес!», «Түлек – сүйікті мектепке!»; «Түлектер қауымдастығы – жас түлекке»

бұқаралық қозғалыс: «Start school: сүйікті мектепті жақсартуға қатынас» «Мектебімнің ертеңі» мектеп түлектерінің қозғалысы, «Мектепте дәріс оқы» «Мектепте үйірме аш», «Ұлың және оның достары үшін тәрбие сағатын өткіз», «Қызым, саған айтам» табысты ата-аналар қозғалысы, «Мектеп болашағы үшін»;

қауіпсіз шаралар кешені:

түлектер іс-шараларын өткізу тәртібі және қауіпсіздік талаптарын сақтау туралы барлық түлектер мен қонақтарға нұсқаулық беру;

санитарлық және эпидемияға қарсы режимді, сондай-ақ жеке гигиенаны сақтау ережелерін қатаң сақтау қамтамасыз ету;

түлектер іс-шарасы өтетін барлық орындарда және аумақта кезекшілікті қамтамасыз ету, қауіпсіздік шараларын сақтау және төтенше жағдайлар туындағанда эвакуация жасау;

құқық қорғау органдарының қызметкерлерін қоғамдық тәртіпті сақтауға, ТЖ және денсаулық сақтау қызметкерлерін қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тарту.  

Педагогикалық этиканы сақтау мен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында:

  • әкімшілік пен педагог қызметкерлерге ақшалай қаражат жинауға жол бермеу;
  • мектеп бітіру шараларына дайындық барысында әр отбасының жағдайына қарау қағидатын сақтау;
  • қолданыстағы заңнамада көзделген тәртіпте бүхгалтерлік есеп жүргізе отырып,  кез келген қаржылық операция жүргізу.

Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымент қалаларының, облыстардың білім басқармалары кештің өткені туралы ақпаратты Министрлікке келесі күні – 2019 жылғы 13 маусымда жолдасын.

Просмотров: 1259


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст