"Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Ерейментау қаласының Насыр Смағұлов атындағы мектеп - лицейі" КММ-cі
КГУ "Школа-лицей имени Насыра Смагулова города Ерейментау отдела образования по Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жаңа форматтағы мәжіліс

11.02.2019

Оқу-білімсіз өнер де жоқ, ақын болу үшін де,

болмаса басқа түрлі өнерпаз болу үшін де,

ең алдымен білім керек.

Ғабит Мүсірепов

Мектеп – білім беру саласындағы өзгерістерді табысты жүзеге асырудағы негізгі буын болып табылады. Сапалы білім алу мәселесі өзекті  болып тұрған заманда – жаңартылған білім беру мазмұнына зор көңіл бөлінуде.  Жаңартылған білім беру бағдарламасының ең негізгі мақсаты - білім алушылардың оқу нәтижелерін жетілдіру болып табылады. Орта білім мазмұнын жаңартудың көптеген компоненттері, соның ішінде мұғалімдердің біліктілігін арттыру бағдарламасы осы мақсатқа бағытталған. Аудандық білім бөлімінің басшысы С.Т.Нұрғазиннің бастамасымен  №2 орта мектеп-лицейінде өткізілген жаңа форматты директорлар мәжілісі  осы мақсаттың өзектілігін көрсетті. Мектеп директорлары мәжілісінің жаңа форматта өткізудің негізі аталған білім ордасында  осы мақсаттардың орындалуын іс жүзінде көрсету болып табылды, яғни дәстүрлі баяндамалар оқылған жоқ,   мұғалімдер өз іс-тәжірибесімен бөлісті. «Жаңартылған бағдарламаны енгізу аясында мұғалімдердің кәсіптік шеберлігі мен құзіреттілігін қалыптастыру» әдістемелік тақырыбы бойынша жұмыс істейтін педагогигалық ұжым қазіргі білім беру жағдайында  оқушылардың функционалды сауаттылығын  өздігінен дамыту бойынша оқытудың белсенді түрлері, дарынды оқушылармен, «Жас мамандар» мектебінің жұмысы, тәрбие жұмысының жүргізілуі, көптілділілікті енгізу пилоттық жобасы бағыттары бойынша істеліп жатқан жұмыстар көрсетілді. Сонымен қатар, мектеп фойесінде оқушылардың шығармашылық жұмыстары, мұғалімдердің жетістіктері, әдістемелік материалдар қойылды.

Мәжіліске қатысушылар тіркеуден өткеннен кейін аудан әкімінің орынбасары А.Е.Әлжановпен кездесіп, білім саласы бойынша мәселелер талқылады. Кездесуден кейін аудандық білім бөлімінің өкілдері, мектеп директорлары мен олардың орынбасарлары ашық сабақтарға қатысты. Ашық сабақтар жаңартылған оқу бағдарламасы  және жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндерді оқытуда ағылшын тілін енгізу бағыты бойынша өткізілді. Мектеп ұстаздары Омарова К.А., Смагулова С.К., Таугудретова Ж.А., Туленова А.Б., Жапабаева Г.А., Исина Х.Т., Мухамеджанова Э.Б., Воржцова Т.К. заманауи сабақ үлгілерін көрсетіп, өз шеберлітерін танытты. Мектебіміздің жас мамандары физика пәнінің мұғалімі Макашева М.С., ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері Сапронова Ю.В., Крюков Н.С., информатика пәнінің мұғалімі Дюсенбаева Ә.Д. өз сабақтары арқылы тәжірибелі мұғалімдердің лайықты ізбасарлары екенін көрсете білді.

Мектеп директорының бейінді оқыту жөніндегі орынбасары Икласова С.Т. Мәжіліске қатысушыларды «Жас маман» мектебінің жұмысымен таныстырды. Дарынды оқушылармен жұмыс бағытында  «Мектеп аумағындағы футбол алаңын ұйымдастыру» жобасы қорғалды (жетекшісі  Туленова А.Б.). Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Иващенко А.В. мектеп оқушыларының қатысуымен «Қазақтың 100  әні» жобасын көрсетті. Іс-шара соңында мектеп псхологы қорытынды рефлексия жүргізді.

Кері байланыста мәжіліске қатысушылар жаңа форматта өткізілген директорлар мәжілісінің тиімділігін атап көрсетті, ауданның әр мектебінен келген мектеп әкімшілігі өкілдері білім беру саласы бойынша болып жатқан өзгерістерді енгізудегі мектеп-лицейінің тәжірибесімен таныса отырып, өз мектептерінде жүргізіліп жатқан жұмыстарды саралауға мүмкіндік алды. Осындай іс-шаралар жүйелі түрде жүзеге асса, ұтылғанымыздан ұтқанымыз мол болар еді.

Просмотров: 359


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст