"Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Ерейментау қаласының Насыр Смағұлов атындағы мектеп - лицейі" КММ-cі
КГУ "Школа-лицей имени Насыра Смагулова города Ерейментау отдела образования по Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Достық тәжі

25.10.2017

«Достық тәжі»

    

Ұлтаралық қатынастың дұрыс жолға қойылуы, халықтар достығының нығаюы,

әсiресе, бiздiң Қазақстан сияқты көп ұлттың өкiлi тұратын, демократиялық жолмен

дамып келе жатқан республика үшiн өте қажет. Көпұлтты

халқымыздың бірлігі, бейбітшілігі мемлекетіміздің басты же­тіс­тігі, байлығы. Жаңа

қа­зақ­стан­дық патриотизм барлық қоғамды, барлық этносты бі­рік­тіруі тиіс. Әрбір

Қазақстан аза­матының өзінен бастап, көп­ұлтты қоғамымызға барынша адал қызмет

етіп, өз үлестерін қо­суы адами борышы деп білемін.

    

Осы мақсатпен біздің мектебімізде «Достық тәжі» атты ұлттар достастығын

дәріптеуге, әр ұлттың салтын құрметтеуге бағытталған зор тәрбиелік мәні бар тақырыптық

викторина болып өтті. Мұнда мектебіміздің  8 -11 сынып окушылары алдын ала берілген

тапсырма бойынша  әр ұлттың тарихы мен

дәстүрінен мәліметтер жинап, хабардар етті. Әр сынып өзіне тапсырылған тапсырмаға

үлкен жауапкершілікпен қарап, бар ыкыластарымен тыңдармандарына жеткізе білді.

Шараның жүргізушілері Матрохина Дана мен Романцова Лаура қазақ және орыс

тілдерінде әр ұлттың өкілдеріне сөз кезегін беріп отырды.Ұлттар достығы – тұрақтылықтың кепілі.

Бұл достықтың түбі тереңде жатыр. Елімізде тұрып

жатқан жүзден астам ұлт өкілдерін ата - бабамыз кезінде құшақ жая қарсы алып, жерімізге

қоныстануға, тату - тәтті бірлікте болып өмір сүруіне жағдай жасады. Тіпті сол

ұлт өкілдеріне қыз беріп, қыз алып туыстасып кеткен жай да бар. Шара жүргізушісі

  Дана да өзінің атасы  Азиев 

Косман сол бір жылдары киелі Қазақстан жеріне қоныс аударғанда Еркіншілік

ауылындағы қазақ отбасында тәрбиеленеді. Тажиев Нурбай  деген азаматтың атқосшысы болып орналасады. Қазақ

қызына үйленгенін, өзін қазақпын деп өткен атасының бауырмал халыққа деген

алғысының шексіз екенін айтып  өтті.  Міне сол бауырлас халықтардың салт - дәстүрі,

өнері, мәдениеті күнделікті өмірімізге сіңісті болып кеткен.  Қазақ халқы дәстүрге бай халық дейміз. Соны 9

«А» сынып оқушылары өз кезегінде  дәлелдеуге

тырысты.  Бауырлас  өзбек ағайындарының дәстүрлерін 11 «А» сынып

окушылары мәнді етіп жеткізе білді. Шара соңында тарих пәнінің мұғалімі Омарова

Кулян Айдархановна барлық қатысушыларға 

ризалығын  білдіріп, Алғыс хатпен

марапаттады.

    

Ата - бабамыз сақтап келген ауызбірлік пен ынтымақты біз де, бізден кейінгі

ұрпақ та сақтаулары керек. Сонда ғана елімізде бейбіт өмір. шат көңіл,

жайқалған дала, гүлденген қала болмақшы.

Қазақ тілі мен әдебиеті

пәнінің мұғалімі  Жапабаева Г.А.

Просмотров: 374


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст