"Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Ерейментау қаласының Насыр Смағұлов атындағы мектеп - лицейі" КММ-cі
КГУ "Школа-лицей имени Насыра Смагулова города Ерейментау отдела образования по Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жолдау туралы

18.01.2018

Елбасы Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңі» атты Қазақстан халқына жасаған Жолдауында білім саласы жан-жақты қамтылғаны қатты қуантады. Түсінікті әрі айқын  10 міндеттің жетінші міндеті – білім берудің жаңа сапасы. Басты бағдарламалық құжаттың ең негізгі ерекшелігі – өзгерістерге үнемі бейім болу және жаңа білімді меңгеру қабілетін дамыту болуға тиіс,.интеллектуалды ұлт қалыптастыру жолында ақпараттық технологияларға негізделген инновациялық дамыған қоғам құруды мақсат

етуде жатыр.

Адамзат баласының қол жет­кізген ұлы игіліктерінің барлығы – білім, оқу мен тоқу арқылы жасалған. Білім алу сипаты алуан түрлі екенін ескерсек, заманауи білім беру жүйесінің мақсаты – бәсекеге

қабілетті, жан-жақты, көп тіл білетін маман дайындау. Осы орайда білім саласы ұлт Көшбасшысы Н.Назарбаевтың назарына ешқашан тыс қалған емес. Мұндай қамқорлықты Елбасы Жолдау туралы айтқан мәлімдемесінде де айқын аңғартты. Онда Президент «Біз ұлттық сананы жаңарту үдерісін бастадық.Бұл базалық үш бағыт Қазақстан жаңғыруының жүйелі үш тұғыры болып саналады.Біз жаңа заманға сай болу үшін Төртінші өнеркәсіптік революция  жағдайындағы тарихи өрлеу бастауында тұрған біртұтас ұлт болуымыз керек.

Мен биылғы Жолдауымда ел дамуына тың қарқын беретін жаңа бағдарды ұсынбақпын. Ол еліміздің экономикалық дамуының инновациялық өзегіне айналып, бәсекелік қабілетін арттыра түсуі тиіс. Біз сандық технологияларға негізделген болашағы зор бағыттарға айрықша мән беретін боламыз. Білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау және баспанамен қамтамасыз ету сияқты маңызды салалар қашанда басты назарда қала бермек», – деген сөзі арқылы білдірді. Мұндай қамқорлық жасап отырған Елбасымызға ұстаздар атынан мың алғыс білдіремін.

Елбасымыздың саналы саясатының арқасында әлемге танылған қасиетті Қазақстан халқы еш тарлық көрмей, гүлденіп, көктей берсін демекпін!  

 

  «Ерейментау қаласы №2 орта мектеп -лицейі» КММ қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі Жапабаева Гүлден Әкімханқызы.

12 қаңтар

2018 жыл.

 

Просмотров: 252


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст