"Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Ерейментау қаласының Насыр Смағұлов атындағы мектеп - лицейі" КММ-cі
КГУ "Школа-лицей имени Насыра Смагулова города Ерейментау отдела образования по Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бастауыш сыныптар Онкүндігі

05.12.2025

Андреяш И.С., Ворожцова Т.К.

Ермуканова К.У, Жумадилова Г. С, Шевченко О. П

Абылханова А.Т.

Арав Аманжол

Байзуловой А.А.

Битаковой Ж.Е.

Еркибаева К.С.

«Бастауыш-білім бастауы» тақырыбында өткізілетін бастауыш сыныптардың  пәндік онкүндік  туралы ақпарат

Бастауыш сыныптар бойынша пәндік онкүндіктің қорытынды талқылау есебі

Тақырыбы: «Білім мен тәрбиенің бастауы – бастауышта»

Мақсаты:Бастауыш сынып оқушыларының пәндерге деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, танымдық белсенділіктерін көтеру, мұғалімдердің озық тәжірибелерін тарату.

Міндеттері:Пәндер бойынша оқушылардың білім сапасын арттыру;Әр пәннің ерекшелігін таныту, пәнге қызығушылығын ояту;Дарынды, белсенді оқушыларды анықтау және қолдау; Мұғалімдер арасындағы әдістемелік тәжірибе алмасуды қамтамасыз ету.

Өткізілген іс-шаралар:

Онкүндік 2025 жылғы 13 қараша күні салтанатты түрде ашылды. Ашылу жиынында онкүндік бағдарламасы таныстырылды.Онкүндік жоспары бойынша әр күнге сай іс-шаралар өткізіліп, барлық сыныптар қамтылды. Оқушылар қызығушылықпен қатысып, өз білімдері мен өнерлерін көрсетті.
Онкүндік аясында төмендегідей іс-шаралар ұйымдастырылды:

Мұғалімдердің қолданған әдіс-тәсілдері:

Онкүндік барысында мұғалімдер келесі әдіс-тәсілдерді тиімді пайдаланды:

-ЖИ (жеке, жұптық, топтық) жұмыс түрлері;

-АКТ технологиясы (интерактивті тақта, бейнеролик, онлайн викториналар);

Ойын технологиясы (пәндік ойындар, жұмбақ, ребус);

-Деңгейлік тапсырмалар (оқушының қабілетіне қарай саралап оқыту);

Нәтижесі мен талдауы:

Онкүндік барысында барлық бастауыш сынып оқушылары белсенді қатысты.
Мұғалімдер өз пәндері бойынша түрлі әдіс-тәсілдерді тиімді пайдаланып, оқушылардың логикалық ойлау, сөйлеу, шығармашылық қабілеттерін дамытуға ерекше назар аударды.
Оқушылардың пәнге деген қызығушылығы мен белсенділігі артқаны байқалды.
Мұғалімдер өз іс-тәжірибесін көрсетіп, бір-бірімен әдістемелік тәжірибе алмасты.
Оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен ұйымшылдығы дамыды.

Қорытынды:

Онкүндік өз мақсатына жетті. Іс-шаралар жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушылар мен мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін арттыруға ықпал етті.
Барлық қатысушыларға алғыс білдірілді, үздік оқушылар мен белсенді мұғалімдер марапатталды.

Онкүндік қорытындысы негізінде мұғалімдерге берілетін ұсыныстар:

Сабақ сапасын арттыру бағытында:

1.Сабақ барысында ЖИ (жеке, жұптық, топтық жұмыс) түрлерін жиі пайдалану;

2.Деңгейлік тапсырмалар мен саралап оқыту әдістерін жүйелі қолдану;

3,Оқушылардың өз бетінше ойлау, талдау, пікір білдіру қабілетін дамытуға бағытталған тапсырмалар әзірлеу;

4.Сабақ құрылымында кері байланыс пен рефлексия кезеңдерін тиімді ұйымдастыру.

Инновациялық технологияларды пайдалану:

АКТ мүмкіндіктерін (интерактивті тақта, Kahoot, Wordwall, Quizizz сияқты онлайн платформалар) сабақта жиі қолдану;

Сыни тұрғыдан ойлау стратегияларын («INSERT», «Кластер», «Ойлан, жұптас, бөліс», «Бес жолды өлең») жүйелі енгізу;

Ойын технологиясын пән ерекшелігіне сай қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру.

Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында:

Әр пән бойынша шығармашылық жобалар, сурет, эссе, зерттеу жұмыстары ұйымдастыру;

Дарынды және қабілетті оқушылармен жеке жұмыс жоспарын құру;

Пәндік олимпиадаларға, байқаулар мен сайыстарға қатысуға ынталандыру.

1.Әдістемелік жұмыс пен тәжірибе алмасу бағытында:

Бастауыш сынып мұғалімдері арасында тәжірибе алмасу сабағын, шеберлік сағаттарын өткізу;

Әр мұғалім өз тәжірибесінен әдістемелік жинақ, презентация, бейнесабақтар әзірлеу;

Бірлестік отырыстарында тиімді әдіс-тәсілдер мен тәжірибелерді талқылау.

 

Бастауыш сынып бірлестігінің жетекшісі:           Ермуканова К.У

Просмотров: 95


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст