"Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Ерейментау қаласының Насыр Смағұлов атындағы мектеп - лицейі" КММ-cі
КГУ "Школа-лицей имени Насыра Смагулова города Ерейментау отдела образования по Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Педагогтар мен білім алушылардың цифрлық құзыреттілігі: білім беруде жасанды интеллект технологияларын қолдануды үйрету»

05.12.2025

 

«Педагогтар мен білім алушылардың цифрлық құзыреттілігі: білім беруде жасанды интеллект технологияларын қолдануды үйрету» атты  жобаны  жузеге асыру аясында информатика пән мұғалімі Капишников И.В ұйымдастырған «Қазақстандық мектеп мұғалімінің жұмысындағы жасанды интеллект» атты семинар өткізілді.

       Семинардың мақсаты – педагогтардың цифрлық сауаттылығын арттыру, заманауи AI-технологиялар туралы білімдерін кеңейту және оларды оқу үдерісінде қолдану мүмкіндіктерімен таныстыру болды. Іс-шара барысында жасанды интеллект құралдарын сабақ жоспарлауда, білім беру контентін әзірлеуде, оқытуды жекелеуде және жекелеген рутиндік жұмыстарды автоматтандыруда қолданудың мысалдары қарастырылды.

       Сонымен қатар Қазақстанның жалпы білім беру ұйымдарында жасанды интеллектпен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік, этика және нормативтік талаптар мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Просмотров: 118


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст