6 «Ә» сынып оқушылары «Мемлекеттік қызмет – адалдық алаңы» тақырыбында «Ерейментау ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ жұмыспен қамту және мүгедектермен, ардагерлермен жұмыс атқаратын сектордың меңгерушісі Амирова Жанар Елкельдиновнамен онлайн-кездесу өткізді.
Кездесудің мақсаты оқушыларға мемлекеттік қызмет туралы , мемлекеттік қызметкердің этикасы туралы түсінік беру.
Оқушылар мемлекеттік қызмет туралы, ерекшеліктері, мемлекеттік қызметкердің этикасы, адалдығы туралы білді. Кездесу барысында Амирова Жанар Елкельдиновнаға мына сұрақтар қойылды:
• Мемлекеттік қызметкер болу үшін қандай оқу орнын бітіру қажет?
• Мемлекттік қызметкерге қандай талаптар қойылады?
• Мемлекттік қызметкерлер санатын өсіру үшін емтихан тапсыра ма?
• Қазіргі кезде мемлекеттік қызметкер болу тиімді ме?
• Мемлекеттік қызметкердің адалдығы, эткасы деген не?
• Мемлекттік қызметке Сіз қалай келдіңіз? Жұмысыңыз өзіңізге ұнай ма?
Оқушылар сұрақтарына толық жауап ала алды. Өте мағыналы, тәрбиелік мәні зор кездесу болды.